Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-дағы арнайы операция: Өңірге есірткіні қойып кету үшін өзге қаладан келген 8 азамат ұсталды

ШҚО-да есірткіні қойып кету үшін өзге қаладан келген сегіз азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1-15 қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері прокуратураның үйлестіруімен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді.Нәтижесінде тәртіп сақшыларының назарына басқа қалалардан келген бірқатар азаматтар ілікті, кейінрек анықталғандай, синтетикалық ұнтақты тарату арнасын құру үшін облыс орталығына арнайы келген. Олардың барлығы назарға ілікпеу үшін тек түнгі уақытта жұмыс істеген. Олар елден тыс жерде орналасқан интернет-дүкеннің бірінің әкімшісінің нұсқауларын нақты орындап отырған. Алайда, өздерінің қылмыстық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен жалтара алмады.

Жарты айдан аз уақыт ішінде полиция қызметкерлері олардың әрқайсысына оларды қолға түсіруге негіз болған қажетті дәлелдемелер базасын жинады. Қаскөйлерді ұстау операциясы жалға алған пәтерлер мен олар есірткіні қойып кету барысында да жүргізілді.

Олардың ішінде Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарының тұрғындары болған барлық сегіз наркокурьерден, синтетикалық есірткінің бір мың дозаға тең аса ірі салмағы тәркіленді. Ұсталғандардың арасында колледждердің бірінің оқушысы кәмелетке толмаған бала да болған. Қалғандарының жасы 23-тен 30 жасқа дейін.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: 

– Соттың санкциясымен ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Олардың әрекеттері ҚР ҚК-нің 296, 297-баптары бойынша сараланады, тиісінше олардың санкциялары 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру