Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрлығын ашты
Түркістан облысының полицейлері пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Ол өз арызында үйіндегі құндыз бас киімі мен ноутбугын белгісіз тұлға жымқырып кеткенін жеткізеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеріп, куәгерлерден жауап алды.
Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы учаскелік полиция қызметкері Батыр Орынбеков күдікті егде жастағы азаматты «ізін суытпай» ұстады. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.
Тергеу барысында күдікті үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, түнгі уақытта заңсыз кіріп, қолына ілінгенін ұрлап кеткенін мойындады. Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы қамауда. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүруде.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек.