Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің мүлкін ұрламақ болған ер адамдар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері бөтеннің мүлкін ұрлаудың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданып, өзінің бос жер телімінде тұрған тоқ бағаналарын белгісіз біреулер ұрлағанын жеткізеді. Аталған жайт АПБ-на тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабымен тіркелді.

Ұрлық қылмысы бойынша ақпарат алысымен полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетеді. Полицейлер тез арада әрекет етіп, ұрлықтың үстінен түседі. Нақтырақ айтсақ, полицейлер келген кезде күдікті үш дана тоқ бағаналарын бұзып, арнайы жалдаған көлікпен алып жатқанын көреді. Осылайша күдікті тұрғын аудандық Полиция басқармасына жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, көршісі жәбірленушіге хабарласып, оның бос жатқан жеріндегі бағаналарын белгісіз біреулер алып жатқанын жеткізеді. Ал, күдікті өз жауабында тоқсыз тұрған бағаналардың егесі жоқ екен деп ойлап, өзінің бас пайдасы үшін алмақ болғанын мойындады. Бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың немесе басқа қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға, “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру