Түркістан облысының полицейлері шұлығының ішіне гашиш жасырған шетелдікті ұстады
Түркістан облысының полицейлері шұлығының ішіне гашиш жасырған шетелдікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы ауылында орналасқан шекара бекетінен хабарлама келіп түсті. Онда Тәжікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына өту кезінде қызметтік ит белгі бергені хабарланған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды тінту кезінде оның сол жақ аяғына киген шұлығының ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындалды.
Нәтижесінде, ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабанасы) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің есірткіні қандай мақсатта алып жүргені анықталуда.