Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған Петропавл мен Шымкент қаласының тұрғындары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде қандай да бір мерекелік шара болса, көлікпен серуен құратын жастар жетерлік. Осындай автокөлікпен серуен құрып, жол ережесін бұзған бір топ жастардың бейнежазбасы ғаламтор желісіне жарияланған.

Осы бейнежазба бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көлікті жолақтың келесі бетінде теңселте айдап, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілерді тауып, олардың жеке басы мен тұрғылықты мекенжайын анықтады. Олар Петропавл және Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Жол ережесін бұзған Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушылар мен жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау), ал Шымкент қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 1-бөлігі (Маневр қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру