Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды

ІІМ-де адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы Заң жобасының тұжырымдамасы талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Министрдің орынбасары Ержан Саденовтің төралығымен “Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы” Заң жобасына тұжырымдама әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Жұмысқа Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында тұжырымдамада мынадай мәселелерді көрсету ұсынылды:

“Адам саудасы”, “адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру”, “қайта бағыттау тетігі”, “адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері” және тағы басқа ұғымдарды айқындау;

уәкілетті оргындарды бекіту;

ведомствоаралық үйлестіру және өзара іс-қимыл;

адам саудасына қарсы іс-қимылда мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдардың құзыреті;

адам саудасының құрбандарына, оның ішінде Қазақстан аумағында құрбан болған шетелдіктерге көмек көрсету;

кәмелетке толмағандар саудасының және пайдаланудың құрбандарына көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері  және басқалар.

Тұжырымдаманы дайындау мерзімі 2022 жылғы қыркүйек, Заң жобасын енгізу мерзімі – 2023 жылғы сәуір болып белгіленді. Әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Тұжырымдамаға енгізу үшін өз ұсыныстарыңызды мына электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз s.stoptrafik@mvd.gov.kz.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру