Түркістан облысының полицейлері табиғатқа зиян келтіруші тұрғынды анықтады
Түркістан облысының полицейлері табиғатқа зиян келтіруші тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Келес өзенінің бойынан заңсыз шағал артып келе жатқан Howo көлігін анықтады. Тексеру барысында, табиғатқа зиян келтіруші Сарыағаш ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Ол 10 куб қиыршық құм шағалды қол күрекпен өз үйінің қажеттілігіне алған.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚПК-нің 181-бабы 5-бөлігі сай шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экология департаментіне жолданды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды табиғатты қорғауға шақырады. Сондай-ақ табиғатқа зиян келтіру жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Егер, сіз, табиғатқа қайшы келетін оқиғалардың куәгері болсаңыз, тез арада полицейлердің «102» нөмірі арқылы хабарласыңыздар.