Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жыл басынан бері 27 велосипед ұрлығы тіркелді

Ақмолада жыл басынан бері 27 велосипед ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 27 велосипед ұрлығы тіркелді. Мысалы, 22 мамырда Атбасар ауданының ПБ полиция бөліміне спорттық велосипедтің жоғалғаны туралы жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, ол қызына тиесілі велосипедін әдетте тастап кеткен жерінен ұрлап кеткен. Кейінірек полицияға тағы осыған ұқсас хабарлама басқа велосипед иесінен келді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады. Ұрланған зат заңды иелеріне қайтарылды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру