Түркістан облысының полицейлері тұрғынды алдап, заңсыз жер сатқан алаяқты ұстады
Түркістан облысының полицейлері тұрғынды алдап, заңсыз жер сатқан алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде хабарлайды. Ер адамның айтуынша, танысы 2019 жылдың сәуір айында сегіз соттық жер телімін жарты миллион теңгеге бағалап сатқан. Алайда арадан бір жыл өткенде сатылған жер учаскесінің құжаты дұрыс емес болып шығады. Содан жәбірленуші ақшасын қайтаруды талап еткенмен, күдікті құжаттарын дұрыстап беремін деп уақыт созып жүргенін жеткізеді.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Ақпарат алысымен қылмысты ашу мен алаяқты құрықтау мақсатында полицейлер бірден іске кіріседі. Нәтижесінде күдіктінің жеке басын анықтап, оны Көкшетау қаласынан ұстап ПБ-ға жеткізеді. Бүгінде ұсталған орта жастағы азаматқа қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Түркістан облысының полицейлері алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін, азаматтарға мұқият болуды және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға артық сенім білдірмеуге кеңес береді. Сонымен қатар тез пайда табуға үміттеніп, өз мүлкі мен ақшасын, сондай-ақ банктік есепшот кодтары мен басқа да жеке ақпаратты белгісіз адамдарға бермеңіздер. Егер де, сіз, алаяқтықтың немесе басқа да осындай қылмыстардың құрбаны, куәсі болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыздар.