СҚО полицейлері механикаландырылған токтан 40 тонна жасымықтың ұрлығын ашты
СҚО полицейлері механикаландырылған токтан 40 тонна жасымықтың ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тайынша ауданының полиция бөлімі қызметкерлері «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Многоцветное а. механикаландырылған токтан жасымық ұрлады деген күдікпен аудан орталығы Тайыншаның тұрғындарын ұстады. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары бірқатар ұрлыққа қатысты деп күдіктелуде, ұрланған жасымықтың салмағы 40 тоннаны құрайды. Шығын сомасы 11 миллион.
Бірер күн бұрын аудан орталығы Тайыншадан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Многоцветное а. маңындағы кәсіпорындардың бірінен жұмысшылар төрт тонна жасымықтың ұрланғанын байқаған. Бұл факті туралы полицейлерге хабарланады.
Тайынша ауданының ПБ бастығы Нұрлыжан Ақтановтың сөзінше ұрлық қыркүйек бойы жасалып келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар осы токта жұмыс істейтін Тайыншаның екі тұрғыны болып шықты.
Екі КамАЗ, екі ЗИЛ, жүк тиегіш – жасымықты шығаруға техниканың бес бірлігі жұмылдырылған. Қазіргі уақытта техникада болған екі жұмысшының қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған өнім осы аудандағы ауылдардың біріне өткізіліп отырған. Ұрланған жасымықтың бір бөлігі алынды.
Аталған факті ҚР ҚК 188-бабының 4-б. бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталғандардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
СҚО аумағында тамыздың 23-і бастау алған «Астық» операциясының басынан бұл факті салмағы жағынан да, шығын жағынан да ең ірісі болып отыр. Солтүстікқазақстандық полицейлердің астық өнімдері, жанар-жағармай, техникалардың қосалқы бөлшектері ұрлығын анықтау және ескерту бойынша рейдтері астық науқаны аяқталғанша дейін жалғасады.