Түркістан облысында атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі анықталды
Түркістан облысында атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау фактісін анықтады
Нақтырақ айтсақ, полиция қызметкерлері Мақтаарал ауданы Атакент ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күмәнді ВАЗ-2114 автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер көліктің ішін тексеру кезінде Саига атыс қаруы мен шолақ аңшылық мылтық, сондай-ақ аталған қарулардың 8 оқ-дәрісін тауып, тәркіледі. Жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полицейлер ер адамның атыс қаруын қандай мақсатта заңсыз ұстағанын анықтап жатыр.