Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 40-тан астам малын тауып берді
Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған 40-тан астам малын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, сағат 19:30 шамасында егістік алқапта жайылып жүрген 44 бас ұсақ малының жоғалып кеткенін айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Айналаны бір шолып шығып, жоғалған малдарды табуға бағытталған барлық жұмыстарды атқарды. Куәлардан жауап алып, күдік тудырған үй малын таситын автокөліктерді тексерді. Осылайша жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған малдар 35 шақырымда жайылып жүрген жерінен табылды.
Осы тұста малдарының аман-есен табылғанына риза болған иесі, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын айтты:
– Мен малдарымды жоғалтып алған едім. Өз бетімше іздеп көрдім. Бірақ табылмады. Содан соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгіндім. Олар маған дер кезінде тауып берді. Тәртіп сақшыларына үлкен рақмет!
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Малдарды міндетті түрде ен немесе таңба салып, шаруашылықты мықтап бекітіп, жайылымдағы малдарға қойшы жалдап сақтану керектігін ескертеді. Мал ұрланып немесе жоғалып кеткен сәттерде, өзім білемдікке салынбай, бірден полицияның «102» нөміріне қоңырау шалуы қажет.