Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Бәйдібек ауданында құқықбұзушылық жасаған 205 тұрғынға хаттама толтырды

Полицейлер Бәйдібек ауданында құқықбұзушылық жасаған 205 тұрғынға хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек ауданы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, үй-жайларды аралап, ондағы тұрғындар жөнінде ақпарат жинау, экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау үшін қатаң бақылау жасау, азаматтық қару иелерін тексеру және азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған болатын. Осыған орай жергілікті полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары белсенді жұмыстар атқаруда.

Қыркүйек айының 1-і күні басталған іс-шараны өткізуге аудан бойынша 16 полиция қызметкері жұмылдырылып, бір апта ішінде 577 тұрғын үйді аралап, 18 шаруақожалыққа тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұсақ бұзақылықтар, белгіленбеген жерде сауда жасау, қоғамдық орындарды ластау және ҚР-да тіркеусіз тұру сынды құқықбұзушылықтар анықталып, жалпы саны 205 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шара желтоқсан айының 1-не дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру