Ақтөбеде пәтерді жалға алушы тұрмыстық техникаларды ұрлап кетті
Ақтөбеде пәтерді жалға алушы тұрмыстық техникаларды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Ақтөбе қ.ПБ-ның №2 қалалық полиция бөліміне Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғыны ұрлық туралы өтінішпен жүгінді. Зардап шеккеннің айтуынша, жігіт тұрғын үйін қысқа мерзімге жалға алып, еркін қол жеткізу арқылы тұрмыстық техниканы (теледидар мен кір жуғыш машина) ұрлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шығын 400 мың теңгені құрады.
Ақтөбе облысының ПД жалдамалы пәтер иелеріне пәтер тапсырғанда қырағы болуға кеңес береді. Қонақтардың төлқұжат мәліметтерін сақтауды ұмытпаңыз және күдікті әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға хабарласыңыз.