Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері интернет-алаяқтыққа күдікті әйелді ұстады

Түркістан облысының полицейлері интернет-алаяқтыққа күдікті әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны бойынша арызданды. Ол өзінің арызында белгісіз біреу “WhatsApp” әлеуметтік желісі арқылы Friend Monei атты топ құрып, “бізге ақша салсаң, салған ақшаңның үстіне үш күнде 30 пайыз қосып береміз” деп жарнамалап, жарты миллион теңгеге жуық ақшасын алғанын көрсеткен. Ал алаяқ ақшаны алған бойда ұялы телефонын сөндіріп тастаған. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеп, бірден іздеу жұмыстарын бастады. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді тексеріп, күдік тудырғандарды бақылады. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті әйелді тәулік ішінде үйінен ұстады. Ол Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүруде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Таныс емес тұлғаларға сенбеңіздер. Банктік карточкаларыңыз бен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру