Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқыларын тапты

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның жоғалған жылқыларын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Әйелдің айтуынша, түнгі сағат 03:00 шамасында Мақтаарал ауданының ауылдарының бірінде орналасқан қорадан екі бас жылқыларын белгісіз азамат жымқырып кеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 850 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТТБТ-ге тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Айналаны бір шолып шығып, жоғалған екі бас жылқыны табуға бағытталған барлық жұмыстарды атқарды. Куәгерлерден жауап алып, күдік тудырған үй малын таситын автокөліктерді тексерді. Осылайша жүргізілген тыңғылықты іс-шаралардың нәтижесінде, жоғалған жылқылар жайылымда жайылып жүрген жерінен табылды. Осы тұста малдарының аман-есен табылғанына риза болған иесі, полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын жеткізді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмау керектігін айтады. Малдарды міндетті түрде ен немесе таңба салып, шаруашылықты мықтап бекітіп, жайылымдағы малдарға қойшы жалдап сақтану керектігін ескертеді. Мал ұрланып немесе жоғалып кеткен сәттерде, өзім білемдікке салынбай, бірден полицияның 102 нөміріне қоңырау шалуы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру