Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері үйін су басқан тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарды

Түркістан облысының полицейлері үйін су басқан тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері облыстың бірқатар өңірлерінде жауын қатты жауып, ауа райының қолайсыздығы салдарынан су басты. Осы кезде де түркістандық тәртіп сақшылар тұрғындармен бірге екендіктерін көрсетті. Яғни, жергілікті тұрғындар қиналған сәтте қолдарынан келгенше қызмет етуде.

Жоғарыда аталған табиғаттың тосын мінезіне байланысты Қазығұрт АПБ-ның жеке құрамы, яғни 60 полицей қызметте жүр. Бірінші кезекте жауыннан ауласын су басқан тұрғын үйлерге жетіп, тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарды. Қызметтерін мінсіз атқарып, адам шығынын болдырмау мақсатында шаршамастан, тәулік бойы өз міндеттерін атқарып жүр.

Мал шығыны анықталуда. Аудан аумағындағы су қоймаларының су деңгейі бірқалыпты. Түркістандық полицейлер қашан да халықтың қорғаушысы, жәрдемшісі, қамқоршысы. Сол себепті «полиция қызметкері – ел қорғаны» деп сеніммен айта аламыз.

Қазіргі таңда аулаларын су басқан әрбір үйдің тұрғындарының амандығы үшін тиісті мекемелермен арнайы топтар құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру