Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын ұялы телефонының ұрланғандығын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы дәмхананың кассасында тұрған «Галакси 10» маркалы ұялы телефонын белігісіз біреулер алып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті азамат анықталды.

Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Жәбірленуші ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ұсынады. Егер, сіз, тонаудың немесе бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны, куәгері болсаңыз, онда дереу 102 телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру