Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте Еңбекші АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары оқушыларға дәріс оқыды

Шымкентте Еңбекші АПБ-ның ювеналды полиция инспекторлары 1-5 сынып оқушыларына дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері ауданда орналасқан барлық мектептердің 1-5 сынып оқушыларымен кездесіп, оларға лекция оқыды.

Лекцияның мақсаты – жасөспірімдердің арасында әкімшілік аумақта жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Кездесу барысында оқушыларға жол жүру ережелерін түсіндіріп, жолда өзін қалай ұстауды үйретті.

Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен 2021 жылдың 1-6 сәуір аралығында түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-тармағы бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) бір жайт;
ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-тармағы бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде) бір жайт; ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-тармағы бойынша (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) 18 жайт. Аталған жайттар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру