Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлығын ашты

Түркістан облысының полицейлері ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар АПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша аудан көшелерінің бірінде келе жатқанында белгісіз жағдайда бейтаныс азамат қалтасынан Samsung Galaxy А02 ұялы телефонын жымқырып кеткен. Осылайша жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 120 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні ұстауға бағытталған барлық шараларды жүргізді. Көрген-білгендерден жауап алып, айналаны бақылады. Жақын маңдағы дүкендер мен сауда үйлерінің бейнебақылау камераларын жіті тексерді. Күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.

Белгілі болғандай күдікті азамат оңай жолмен ақша табуды көздейді. Осылайша көше бойында келе жатып, жәбірленушінің ұялы телефонын көрген. Содан соң арам ойын іске асыру мақсатында білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөмері арқылы полиция қызметкерлеріне хабар беріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру