Түркістан облысының полицейлері заңсыз есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді
Жыл басынан бастап Түркістан облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары есірткіні заңсыз сақтау және олардың айналымына байланысты көптеген құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мысалы, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде Сарыағаш ауданының ПБ ЖПҚ учаскелік инспекторларына жергілікті тұрғынның бірінің құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтап жүргені туралы хабарлама келіп түскен. Сарыағаш аудандық ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудан тұрғынын көше бойынан ұстап, оның үстіндегі күртешесінен пакетке оралған өсімдік тектес затты тапты. Анықталған өсімдік тәркіленіп алынып, сараптама тағайындалды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркеді.
Сараптама қортындысына сәйкес, табылған зат салмағы 5 грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты.
Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.