Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жабайы үйрек атқан браконьерлерді ұстады

Түркістан облысының полицейлері жабайы үйрек атқан браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Браконьерліктің алдын алу және табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде Келес АПБ ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Келес өзенінің бойында жабайы құстарды заңсыз аулаумен айналысқан үш жергілікті тұрғынды ұстады. Сақшылар браконьерлерден жаңа атылған алты үйрек етін, үш аңшы мылтығын тәркілеп алып, оларды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сондай-ақ, екі аңшы мылтығы ҚР ІІМ есебінде тіркелмегені белгілі болды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382 (Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) және 482-бабы (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды ҚР заңнамасын бұзбауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары браконьерлік немесе өзге де экологиялық құқық бұзушылықтар жағдайында әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын еске салады. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру