Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметі азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті

Ақтөбеде пробация қызметі шартты түрде мерзімінен бұрын босаған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметі “Мартукский бизнес инкубатор” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетті.

Қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын алуға тарту бойынша 2020-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес, өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметі “Мартукский бизнес инкубатор” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге арналған меморандум жасасқан болатын.

– Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар ҚР ҚАК-нің 169-бабы 8-бөлігіне сәйкес, салық органдарына декларация тапсыруы міндеттеледі. Осы орайда, екі жақты меморандум аясында жоғарыда аталған қоғамдық бірлестіктің азаматтары ағымдағы жылдың қаңтар айында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға аудандық салық органдарына 2020 жылға арналған декларацияны тапсыруға көмек көрсетті.

Қоғамдық бірлестікпен бірлескен, яғни пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетуге арналған осы бағыттағы жұмыстар алдағы күндері де жалғасатын болады, – дейді Мәртөк аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Серік Шабиков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру