Түркістан облысының полицейлері жаяу жүргіншіден есірткі затын анықтады
Түркістан облысының полицейлері жаяу жүргіншіден есірткі затын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-нің учаскелік полиция инспекторлары жүргізілген «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында, Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының көшелерінің бірінде күдік тудырған жаяу жүргіншіні көріп тоқтатады.
Содан полицейлер азаматтан жеке басын анықтайтын құжатын сұраған. Алайда ер адам жеке куәліктерін көрсете алмаған. Сондай-ақ полицейлер тексеру барысында, күдіктінің шалбарының қалтасынан дәптер парағына оралған жасыл түсті шөпті байқайды. Ордабасылық полицейлер алынған жасыл түсті шөпті сараптамаға жолдады. Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдік хош иісі бар «кептірілген марихуана» болып шықты. Салмағы 4 грамға жуық. Сонымен қатар күдікті азаматтың бұдан алдын да осындай жайт бойынша сотты болғаны белгілі болды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да қылмыстық істерге қатысы бар – жоқтығы анықталуда. Бүгінгі таңда күдіктінің бас шарасы келу туралы міндеттемеде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.