Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі уақытта алкогольдік ішімдік сатқан павлодарлық жауапқа тартылды

Павлодар облысында 124 сауда орнының иесі алкогольге қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жазаланды, , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері спирттік ішімдіктерді ішкені және мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 6362 тұрғынды ұстады, әрбір тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, құқықбұзушыларға жалпы сомасы 92 млн.теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Алкогольге қарсы заңнаманы бұзатын дүкен сатушылары да қайғылы статистиканың өсуіне өз үлестерін қосуда.

– Мысалы, 1 қыркүйекте сағат 22.00-де Н.Назарбаев даңғылындағы дүкенде 21 жасқа толмаған адамға 4,6% алкогольдік ішімдікті сату фактісі анықталды. Сол күні сағат 23.50-де Ломов көшесіндегі басқа дүкенде полицейлер сатушының 37 жастағы павлодарлыққа арақ сату фактісін анықтады. Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін сату жөніндегі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді Полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру