Түркістан облысының полицейлері жоғалған 6 жасар қызды анасына табыстады
Түркістан облысының полицейлері жоғалған алты жасар қызды тауып, анасына табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы АПБ-не Ордабасы ауданы Темірлан ауылында орналасқан дүкеннен хабар түскен. Онда алты жастағы қыздың жалғыз өзі көшеде қараусыз жүргені айтылған. Аталған жайтқа байланысты Ордабасы АПБ-нің полиция қызметкерлері қоңырау түсісімен оқиға орнына жедел жетті. Тәртіп сақшылары шалшық суға құлап, әбден тоңған қызды тез арада полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар қыздың ата-анасын табу мақсатында біршама жұмыстар жүргізді. Барлық учаскелік пунктерге хабар беріп, жарты сағаттың ішінде бүлдіршіннің анасын тапты. Осылайша қызметкерлер жоғалған қызды анасына аман-есен табыстады.
Белгілі болғандай, анасы үйінен бірер сағатқа шаруаларымен шығып кеткен. Жалғыз қалған қыз анасының артынша шығып, өз бетінше жүре берген. Үйінен 3-4 шақырым қашықтыққа дейін алыстап кеткен. Өз кезегінде бүлдіршіннің анасы полиция қызметкерлерінің атқарған қызметтеріне шынайы алғасын айтты.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға өздерінің балаларына қырағы болуды, олар аулаға немесе көшеге ойнауға шыққан кезде баланы назардан тыс қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балалар мен туған-туыстарыңыз жоғалған жағдайда шұғыл «102» телефоны бойынша полицияның көмегіне жүгіну керек.