Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Атырау облысында “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында ҚР ІІМ-нің нұсқауы бойынша, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі Істер Министрліктері және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бірлескен бұйрығына сәйкес “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты браконьерлік іс-әрекеттің, бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің, олардың өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алу мен жолын кесуге бағытталған.

Іс-шара барысында Республикалық және облыстық тас жолдарда (Астрахань, Ақтөбе, Орал бағытындағы және облыстық Индер тас жолы) және қала аумағындағы автокөлік жолдары мен айналма далалық жолдарда 35 жылжымалы мобильдік бекеттер қызмет атқаратын болады.

Облыс орталығында, Жайық өзенінің жағалауында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында сегіз жаяу бағытта екі ауысымды патрульдеу ұйымдастырылады. Сонымен қатар, заңсыз балық аулаудың жолын кесу үшін Жайық өзені жағалауларында орналасқан қалалық полиция басқармасының Жедел басқару орталығының 22 бейнебақылау камераларымен бақылау жүргізіледі.

Атырау облысы Полиция департаменті “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді қатаң бақылауға алып, жүйелі түрде ұйымдастыратынын хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру