Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін иесіне қайтарды
Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқы үйірін иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын жайылымда қараусыз жүрген 11 жылқысы жоғалғаны туралы арызданған. Жәбірленуші ер адам 4 күн бойы өзі іздеген. Содан еш нәтиже болмаған соң, полицейлерден көмек сұрайды. Бұл жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған жылқыларды іздеу жұмыстары басталды.
Тәртіп сақшылары бірнеше мобильді топтарға бөлініп, жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, ауыл тұрғындарымен сұқбат жүргізді, базарлар мен мал тасымалдайтын автокөліктерді тексерді. Жедел шаралар нәтижесінде тәулік ішінде Қазығұрт ауданындағы шекара аймағынан яғни 40 шақырым жердегі таулардың арасынан жылқы үйірі табылды. Табылған жылқылар заңды иесіне қайтарылып, жәбірленуші азамат полицейлерге алғысын білдірді.
ВИДЕО МҰНДА
– Мен бес күннен бері 11 жылқымды таба алмадым. Содан Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлерінен көмек сұрадым. Олар бірден жылқыларымды тапты. Барша полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Сіздерге үлкен рақмет!, – деп атап өтті тұрғын.