Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте төрт алаяқтық жайтына қатысы бар әйел ұсталды

Шымкентте төрт алаяқтық жайтына қатысы бар әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қыркүйек Абай АПБ-на Шымкент қаласының төрт тұрғыны арызданған. Олар өз арыздарында белгісіз азаматшаның қомақты көлемде несие алып беремін деп сенімдеріне кіріп, қолма-қол әрқайсысынан 100 мың теңгеден алып кеткендігі жөнінде жазып көрсеткен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар жүргізілді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары азаматшаны қала аумағында жасырынып жүрген жерінен ұстады. Күдікті Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Полицейлер ұсталған азаматшаның бүгінге дейін осы тектес 4 жайтқа қатысы барын анықтап отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру