Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында қайғылы жол апаты болды

Павлодар облысында қайғылы жол апаты болып, екі бала көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қыркүйек сағат 00.20 шамасында Ақсу өңірінің Достық және Төртқұдық ауылдары арасындағы Қызылорда-Павлодар автожолының 59 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

–  31 жастағы жүргізуші Toyota Noah автокөлігін тізгіндеп келе жатқанда рөлді басқара алмай, көлігімен кюветке аударылдып кеткен. Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция автокөлік салонында 11 жолаушы – алты бала және бес ересек адам болғанын нақтылады. Олар өзара туыс болып шықты.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 6 және 14 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Алты адам, оның ішінде жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру