Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өзінің жылқыларының жоғалғандығын айтып, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жайылымдық жерлерді қарап, бақташылардан сұрастырды.

Сауран аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, жеті бас жылқы жайылымнан табылып, иесіне қайтарылды.

– Өздігімнен жылқыларды іздеп таппадым. Содан полиция қызметкерлерінен көмек сұраған едім. Олардың тиянақты жұмыстарының арқасында жылқыларым тез арада табылды. Өзіме қайтарды. Алғысым шексіз, – деп атап өтті жоғалған жылқылардың иесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру