Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жолда бұзылып қалған көлік иесіне көмектесті 

Түркістан облысының полицейлері жолда бұзылып қалған көлік иесіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы Атакент кенті Ташкент көшесі бойында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік жұмыстарды күнделікті жүргізуде. Осы тұста тәртіп сақшылары сағат 11:25 шамасында жергілікті тұрғынның басқаруындағы AUDI 100 маркалы автокөлігінің бұзылып тұрғанын байқады. Содан соң полиция капитаны Нұрлан Икімбаев пен полиция капитаны Нұрлан Рысбаев екеуі автокөлікке барып, қандай да бір көмек қажет пе деп сұрады. Көлік иесі жағдайын түсіндірген соң полицейлер өздеріне бекітілген ВАЗ 2121 маркалы автокөлігімен жолда қалып қойған жүргізушіні Атакент кенті Ташкент көшесі бойында орналасқан көлік жөндеу бекетіне сүйреп жеткізді.

Тәртіп сақшыларының жұмыстарына риза болған автокөлік жүргізушісі өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру