Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ден астам мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

Түркістан облысында жыл басынан бері 500-ден астам мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында әр аптаның жұма күні брифинг өткізіледі. Аталған іс-шара тікелей эфир арқылы жүзеге асырылады. Бұл аптадағы брифингте “Түркістан облысындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі” тақырыбында өзекті мәселе айтылып, спикер ретінде ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ұлықбек Мылтықов қатысты.

Жалпы облыс полицейлерімен 2021 жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қарқынды іс-шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының саны 24 пайызға төмендеген. Ал жарақат алғандардың саны 28 пайызға азайған. Жалпы жол қозғалысы ережесін сақтамаған 360 000-нан астам жүргізушіге қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал мас халде көлік басқарудың 540 дерегі анықталған.

– Негізінде жол-көлік оқиғаларының көп кездесетін себептері, олар: маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қозғалыс жылдамдығын бұзу, көлікте отырып ұялы телефон қолдану, алыс жол жүргенде рульде отырып ұйықтап кетіп аударылу және т.б. Сондықтан жолға шыққанда барынша сақ болыңыздар. Біздің мақсат айыппұл салу емес, барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жол апаттарының алдын алу, болдырмау. Осы бағытта “Құқықтық тәртіп”, “Автобус”, “Қауіпсіз жол” деген секілді түрлі жеделдетілген-профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеміз. Оған қоса 610 жаңа жол белгілері орнатылды. Оқу орындары жанынан 320 метр кедергілер жасалды, – деп атап өтті ТО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ұлықбек Мылтықов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру