Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Қарағанды облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамызда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне белгісіз біреу дүкендердің бірінің кассасынан 20 мың теңгені алып кетпек болғаны туралы хабарлама түсті. Сауда үйінің жұмысшысы қарсылық көрсетіп, тонаушы арам пиғылын іске асыра алмады.

Оқиға орнына жедел жеткен Шахтинск полиция бөлімінің патрульдік полициясы сатушылардың айтуымен 30-35 жас шамасындағы ер адамды іздестіре бастады. Біршама уақыттан соң полиция қызметкерлері күдікті 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-191-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу кезінде ұсталған адамның Қарағанды қаласындағы дүкендерден осы уақытқа дейін болған үш ұрлыққа қатысы барын анықтады. Бірінші істеген ұрлықта күдікті 30 мың теңгеге қол жеткізген, екіншісінде – 25 мың теңге, үшіншісінде – 16 мың теңге. Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру