Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырып беремін деп, ақша алған күдіктіні ұстады
Түркістан облысының полицейлері жұмысқа орналастырып беремін деп, ақша алған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас АПБ арызданған жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғандығын жеткізді. Күйеуін жұмысқа орналастырып беремін деп сеніміне кіріп 1,5 миллион теңгесін алған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтап, оны АПБ-не жеткізді.
Тергеу кезінде белгілі болғандай, күдікті алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы тұрғынның ақшасын алғанын мойындады. Заңсыз әрекет жасау үшін алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға күмәнді қызмет ұсынған кез келген адамға сенбеңіздер деп ескертеді. Мәселеңізді тез арада шешемін деп, алаяқтарға алданып қалмаңыз. Барлық әрекеттерді дұрыс жасап, заң аясында ғана атқаруға дағдыланыңыздар. Қандай да бір алаяқтықтың куәсі не құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.