Түркістан облысының полициясы 600 су есептегіш құралды ұрлаған күдіктіні ұстады
Ордабасы полициясы ұрлық қылмысының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Яғни, полиция 36 жастағы күдіктіні дер кезінде анықтап, оған қатысты қылмыстық іс қозғады.
Белгілі болғандай, ер адам қылмыстық оймен су құбырларын жүргізу жұмысы болып жатқан мекенжайдан 600 су есептегіш құралды ұрлаған. Жәбірленушіге 5 миллион теңге шығын келген.
Ал ұрланған затты темір қабылдайтын орынға өткізіп жіберген. Полиция қызметкерлері айғақты затты тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.