Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полициясында көпбалалы әке қызмет етеді

Жетісай аудандық полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің полицейі Қанат Бектұрсынов – отбасында 8 перзент тәрбиелеп отырған үлгілі әке. Отбасы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы адалдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп жүрген тәртіп сақшысы туралы ақпарат ұсынады.

Оның күнделікті қызметіне күні-түні «102» арнасына хабарласқан тұрғындардың арыз-шағымдарын тіркеу, оқиға орнына жедел-тергеу тобын жіберу кіреді.

– Кез келген жағдайға дайын болу, құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция қызметкерлеріне қойылатын басты талап. Міндетті мүлтіксіз орындау – парызымыз. Ал отбасым, жанұядағы жақындарым мен үшін ең ізгі жандар. Бүгінде жұбайым екеуміз 8 перзенттің ата-анасымыз. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыз елдің лайықты азаматтары болуы үшін тәртіп пен тәрбиеге баса назар аударамыз. Ең бастысы балапандарымыз аман болсын, – деді көпбалалы әке.

Полицей Қанаттың ішкі істер органдарында қызмет еткеніне биыл 16 жыл толып отыр. Ол 2006 жылы Гулбану есімді арумен шаңырақ көтеріп, қазіргі таңда қылықты қыздары мен батыр ұлын (бір ұл, 7 қыз) тәрбиелеп отыр. Отбасында кішіпейіл, достары арасында абыройлы азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру