Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының сақшылары тұрғынның қалтасынан есірткі тапты

Түркістан облысының сақшылары тұрғынның қалтасынан есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда Састөбе ауылының тұрғыны есірткі затын сақтап, қолданып және тасымалдап жүргені айтылған. Полицейлер ақпарат алысымен тез арада іске кірісті.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.

Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікке ілінген азаматтың мекенжайы анықталды. Ал күдікті ер адам үйінің алдындағы көшеден ұсталды. Оның жеке басына тінту жүргізу кезінде күртешесінің ішкі қалтасынан түссіз пакетке оралған есірткі затына ұқсас өсімдік табылып, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, есірткі заты «кептірілген марихуана» болып шықты. Күдікті өз жауабында аталған есірткі затын тауып алғанын жеткізді.

Қазіргі таңда күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру