Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше көлікке ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Қарағандыда бірнеше көлікке ұрлыққа түскен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 ақпанда Қарағанды қаласы ПБ Киров ПБ-не 32 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгісіз біреудің құлыпты бұзып, көліктің салонына кіріп, мүлкін ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

26 ақпанда полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас үш қылмысқа қатыстылығын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру