Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде мұз айдынында жасөспірімнің телефонын тартып алған жігіт анықталды

Өскеменде мұз айдынында жасөспірімнің телефонын тартып алған жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ПБ кезекші бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, бейтаныс жігіттің Өскемен қаласындағы мұз айдындарының бірінде ұялы телефонды айырбастаймын деп алаяқтық жолмен кәмелеттік жасқа толмаған ұлының телефонын тартып алғанын айтқан. Шығын көлемі 150 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында құқық қорғау қызметкерлері 18 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.

Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, телефоны тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі –санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру