Түркістан облысының тергеушілері аналарға арналған челлендж бастады
Түркістан облысының тергеушілері аналарға арналған челлендж бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының тергеушілері кез келген қылмыстық істің басында болып, оның ақ-қарасын ажыратуда, күдіктіні анықтауда уақытпен санаспайды. Күні-түні қызметте жүреді. Десек те, қауырт жұмыстарынан уақыт тапқан түркістандық тергеушілер мейрам қарсаңында барлық әйелдер қауымына өздерінің ыстық ықыластарын ерекше түрде әнмен, өлеңмен, жырмен жеткізуді ұйымдастырды.
Түркістан ҚПБ тергеушісі полиция лейтенанты Арман Базарбай өз жүрегінен шыққан жыр жолдарын мәнерлеп оқып, барша ақжаулықты аналарды құттықтады.