Түркістан облысының тұрғыны 100 адамға арналған көкпар ұйымдастырған
Түркістан облысында 100 адамға арналған көкпар ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары рейд барысында, кезекті көкпар ұйымдастыру жайтын анықтады. Ат спорты жарысы Отырар ауданы Қоғам ауылының маңында 100-ден астам адамның қатысуымен өткен. Полицейлер бірден әрекет етіп, көкпар батаның одан әрі өткізілуін тоқтатты. Жиналғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлығын үйлеріне таратты.
Тәртіп сақшылары іс-шараның ұйымдастырушысы жергілікті тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материалдар жинақтап, әкімшілік хаттама жасау және сотқа жолдау үшін СЭББ-ға жіберілді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға карантин режимінің талаптарын қатаң сақтауды, бұқаралық спорттық және басқа да іс-шараларды өткізуден бас тартуды ескертеді. Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажет. Сондай-ақ, медициналық бетперделер мен қолғаптар киіп, антисептиктерді қолданып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған жөн.