Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаштық тұрғын есірткімен ұсталды

Түркістан облысының полицейлері үйі мен ауласына есірткі жасырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай күдікті тұрғындардың біріне марихуана сатқан. Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі сату қылмысына күдікті ретінде Сарыағаш қаласының тұрғынын қолға түсірді. Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде үйінің ішінен екі дана және ауласындағы гаражынан үш дана қағазға оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы тоғыз грамнан асатын марихуана болып шықты.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары салауатты өмір салтын ұстану үшін жаман әдеттерден арылып, есірткі заттарын пайдаланудан бас тарту қажеттігін түсіндіреді.
Егер де сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз немесе есірткі құралдарын заңсыз сақтау және өткізу деректері туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. […] ТҮРКІСТАН, 02 гаурыз. Түркістан облысының полицейлері үйі мен ауласына есірткі жасырған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. […]

Жауап қалдыру