Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының ҚАЖ қызметкерлері облыс әкімінің дипломымен марапатталды

Түркістан облысының ҚАЖ қызметкерлері облыс әкімінің дипломымен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы волейболдан жүлделі орынға ие болды.

Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен “Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ” атты ұранымен облыстың барлық мемлекеттік қызметкерлері арасында волейболдан және үстел тенисінен қысқы маусымдық біріншілігі өткізілді.
Спорттық жарыстар Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында тартысты өткен бұл сайысқа облыстың барлық департамент, басқарма қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.

Олимпиадалық орталық спорт кешенінде волейболдан және үстел тенисінен аяқталған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы марапаттады.

Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Талғат Абдранбаевта мемлекеттік қызметкерлерді жеңістерімен құттықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің командасы құқық қорғау органдарының арасынан 3-орынды иеленді.

Сонымен қатар, алаңда ерекше ойын көрсеткен ҚАЖ департаментінің қызметкерлері Нұрбол Мамырханов “Үздік байланыстырушы”, Ердос Исламбек “Үздік қабылдаушы” атанды.

Волейболмен қатар өткен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы үстел теннисінен кезекті спартакиа да өз мәресіне жетті.

Тартысты өткен сайыста ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Айдар Нурсеитов “Үздік ойыншы” дипломымен марапатталды.

Айта кетейік, қызметкерлердің арасында салауатты өмір салтын ұстану, олардың спортпен айналысуы үшін ынталандыру мақсатында мұндай жарыстар ҚАЖ департаментінің пробация және мекеме арасында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру