Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны көршісінің көлік дөңгелектерін ұрлаған

Түркістан облысының тұрғыны көршісінің көлік дөңгелектерін ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сауран аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне Ынтымақ ауылының тұрғыны белгісіз адамдар оның ауласында тұрған автокөліктен сегіз дөңгелек ұрлап кеткені туралы арызданды. Шығын көлемі шамамен – 150 мың теңге.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлері қажетті іс-шараларды атқарды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Сауран АПБ полицейлері автокөлік дөңгелектерін ұрлады деген күдікпен жәбірленушінің көршісін, яғни жас жігітті ұстады. Заттай дәлел ретінде ұрланған дөңгелектер алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Жәбірленуші, яғни Ынтымақ ауылының тұрғыны ұрлық қылмысының жедел ашылып, дөңгелектерін қайтарып берген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдікті жас жігіттің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру