Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны мас күйде көлік басқарған

Түркістан облысының тұрғыны мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы аудан көшелері мен қоғамдық орындарда, тәртіп сақтау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп келеді.  

Мәселен, патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Mitsubishi Pajero автокөлігін байқап, оны тез арада тоқтатты. Жүрісі күдік тудырған жүргізушіні тексеру барысында автокөлікті мас күйде басқарғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алькогөлдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алькогөлдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс құжаттар жинақталып, іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру