Түркістан облысының тұрғыны қарама қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жазаланды
Түркістан облысының 24 жастағы тұрғыны қарама қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, 24 жастағы Р. есімді азаматтың заңсыз әрекеті телефон камерасына түсіп, әлеуметтік желі арқылы жария болған.
https://youtube.com/shorts/CrJsWu0tXcw?feature=share
– Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында өрескел заң бұзушылық дерегі анықталды. Қолданылған шаралармен құқық бұзушы ұсталды. Porsche көлігіне мінген жүргізуші Момышұлы көшесінің бойымен оңтүстік бағытта келе жатып, қарама қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Р. есімді азаматқа қатысты ҚР ӘҚБт-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Айта кету керек, жолдың жүріс бөлігінің қарама-қарсы қозғалысқа арналған жағына шығу алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.