Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының тұрғыны шымкенттік полицейлерге алғыс айтты

Түркістан облысының тұрғыны шымкенттік полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 10 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Түркістан облысының тұрғыны хабарласқан. Ол өз арызында сауда орталығының бірінде ішінде құжаттары мен 500 мың теңгесі бар әмиянын жоғалтып алғанын көрсеткен.

Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел жеткен Әл-Фараби АПБ №17 УПП қызметкерлері бір сағаттың ішінде жоғалған әмиянын тауып, иесіне қайтарып берді.

Кәсіби жұмыс тәжірибесіне тәнті болған түркістандық тұрғын полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру