Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда Алматы облысынан келген әйел тұрғыннан 1 млн теңгедей ақша жымқырды

Жамбылда Алматы облысынан келген әйел тұрғыннан миллион теңгедей ақша жымқырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Қордай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 35 жастағы Гвардейск  кентінің тұрғыны хабарласып, Алматы облысынан келген 35 жастағы бірге тұратын әйелге қатысты шара қолдану туралы шағымданған.
Аталған әйел жәбірленушінің үйінде бола тұра, еркін қол жеткізу жолымен оның әмиянынан және  ұсақ ақша салатын жинақ қобдишасынан ақша қаражатын жасырын ұрлап, содан кейін қашып кеткен. Осылайша шағымданушыға жалпы сомасы 960 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілді.
Аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, Қордай ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұрлық жасағанын ішінара мойындады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Қордай АПБ бастығының орынбасары Дархан Рысдәулетов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру