Түркістан облысының тұрғынын 1,8 млн теңгеге алдап кеткен күдікті анықталды
Түркістан облысының тұрғынын 1,8 млн теңгеге алдап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түлкібас полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығы туралы арыз түсірген. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, сырттай танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1,8 млн теңге ақшасын заңсыз иемденіп кеткен.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.
Арызданушылардың шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында жедел уәкілдер қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні тауып, оны тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, яғни жұмыссыз әйел болып шықты.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті келіншектің бұдан басқа да жайттарға қатысы бар-жоғы анықталады.